Әлеумет

Жұмыла көтерген

Жұмыла көтерген

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 2014 жылдың 2 қазан күні сағат 19.00-де орталық стадионда «Қала күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырамыз! Аталған іс-шараға Қазақстан эстрада жұлдыздары Тамара Асар және «Ринго» тобы қатысады.

 Келіңіздер, көріңіздер!

Өткен сенбі күні өткізілген сенбілікке қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар және оқу орындары ұжымдарынан 4600 адам қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жоспарға сай атқарды. Қаламыздағы орталық «Достық» алаңына жиналған 15 арнайы техника аумақтық округтерге бөлініп, қала бойынша 180 тонна қоқыс шығарылды.

Мәселен, №9 аумақтық округтен 300-ге жуық адам сенбілікке белсене қатысып, Сейфуллин, Саңырақ батыр, Ы.Дүкенұлы, Лермонтов, Байзақ батыр, Комратов, Ташкент көшелерін қоқыстардан тазартса, қоғамдық қызметкерлердің көмегімен Әуежай аумағы, Тәуке хан, Айша бибі көшелерінде талапқа сай жұмыстар жүргізілді. Аталған көшелердің барлығы қоқыстан тазарып қалды.

№10 аумақтық округі бойынша аумақта орналасқан барлық мекемелер мен оқу орындарынан 350 адам сенбілікке жұмылдырылды.

Барлық округтердің жұмыла жұмыс атқаруының, атсалысуының арқасында шаһарымыз кәдімгідей тазарып қалды. Техникалар да қала тазалығы үшін тынымсыз қозғалыста болды.