Таразда демалыс күндері қоғамдық көлік тоқтамайды

13

Тараз қаласында сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынбайды.

Жамбыл облысының орталығында бұған дейін демалыс күндері қалаішілік жолаушылар тасымалына тоқтау салынып келген болатын.

Бүгін қалалық әкімдіктің жауапты бөлім мамандары және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсететін мекеме өкілдері шұғыл жиын өткізді.

«Жиын барысында халықтың сұранысы ескеріліп, демалыс күндерінде қоғамдық көлік жұмысын жаңғырту жөнінде шешім қабылдап, мәмілеге келді», — делінген әкімдік хабарламасында.

Дегенмен, қоғамдық көліктердің жұмысы барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жалғаспақ.

Comments are closed.