Жамбылда медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,6 млрд теңге бөлінген

6

Жамбыл облысы коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық үстінде.

Мониторингке сәйкес, 18 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 4272 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші — 369,4. Пневмонияның 156 жағдайы тіркелген.

Бүгінгі таңда облыстық көп бейінді балалар ауруханасының инфекциялық блогында 250 инфекциялық төсек қоры, оның ішінде 25 реанимациялық төсек жұмыс атқаруда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Дерттің өршуіне байланысты Қазақстанның барлық өңірлері үш белдеуге бөлінген: қызыл, сары және жасыл. Жоспар бойынша жасыл деңгейорын алғанда жұмылдырылатын төсек қоры 750-ге, оның ішінен реанимациялық төсектер 75-ке дейін ұлғайтылады. Сары деңгей орын алғанда төсек қоры 1 360-қа дейін, оның ішінен реанимациялық төсектердің саны136 құрайтын болады. Қызыл деңгей орын алғанда Covid-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін инфекциялық стационарлардағы төсек қоры жалпы 2530-ды, оның ішінде реанимациялық төсек саны 253 болады. Жоспарланып отырған 2 530 төсек-орынға 3915 медицина қызметкерін тарту жоспарланған» делінген хабарламада. Сондай-ақ, басқарманың мәліметінше медициналық құрал – жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға жергілікті бюджет есебінен 1,6 млрд теңге бөлінген. Облыс бойынша 10 компьютерлік томография жұмыс істеуде. Ауыр тыныс алу жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу мақсатында облысқа 2 экстракорпоральды мембранды оксигенация аппаратын алу жоспарланған. Одан басқа 100 көп функциональды кереует, 4 цифрлық рентген аппараты алынуда және де облыстық медициналық ұйымдарға 4 оттегі станциясы орнатылады. 14 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынған.

Қазіргі таңда, облысымызға Республикалық бюджет қаражаты есебінен 8 жылжымалы медициналық кешен және 18 санитарлық автокөлік жеткізілді. «Бірыңғай дистрибьютормен стационар шеңберінде облыстың медициналық ұйымдарына 5,9 млрд теңге сомасына, оның ішінде «Тыныс алу жолдары ауруы» нозологиясы және «Коронавирус инфекциясы» нозологиясы бойынша 137 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды. Сондай-ақ, 1 млрд теңгеге коронавирус инфекциясын емдеуге және алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді» делінген ведомство мәліметінде. Сонымен қатар, өңірдегі жасақталған төсек қорларына жұмылдырылған медициналық қызметкерлерден басқа қосымша барлығы 280 дәрігерден резерв құрылған.

 

Comments are closed.