Жамбылдық полицейлер телефон ұрлығын ашты

6

Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлағаны үшін Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында полицияға облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны Тараз қаласының тез тамақтану пункттерінің бірінде белгісіз адамның ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткені жөнінде шағымданған.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері ұрыны «ізін суытпай» анықтады, ол өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Comments are closed.