Жамбылдық полицейлер бірнеше ұрлық дерегін ашты

5

Жамбыл облысының полицейлері бір апта ішінде ұялы телефон ұрлығының 4 дерегін ашты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ең үлкені 58 жастағы, ал ең кішісі 19 жастағы 4 ұрыны ұстады.

Сонымен, 18 қарашада азық-түлік дүкенінің жанында кілттенбеген көліктен ұялы телефон ұрланған. Қаскүнем көлік иесінің ұқыпсыздығын пайдаланып, кедергісіз қол жеткізу арқылы жеке мүлікті иемденген.

Осыған ұқсас ұрлық оқиғалары адам көп жиналатын жерлерде (автобустар, сауда орталықтары, базарлар және т.б.) сыртқы киім қалталарына түсу жолымен жасалады.

Барлық дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қырағылық танытуды, бағалы заттары мен ақшаларын киімнің сыртқы қалтасында және қол жетімді жерлерде сақтамау қажеттігін ескертеді.

Comments are closed.