Жамбыл полицейлері ел аумағында құқықтық мәртебесі жоқ 172 адамды анықтады

5

«Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ ҚР ІІМ нұсқауларын орындау аясында жергілікті полиция қызметінің және көші-қон басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақтылы ауыстырмаған адамдарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

Мәселен, аулаларды аралау және Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған өзге де шаралар барысында іс-шаралар кешені жасалып, нәтижесінде 172 адам анықталды. Оның ішінде:

– КСРО паспорты бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтауға жататын құжаттарсыз — 33,

— басқа құжаттар бойынша — 68 тұлға,

— құжаттары жоқ, басқа құжаттар бойынша азаматтығы жоқ — 22 тұлға,

— шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған — 30 тұлға.

Бұл жұмыстың барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының тұрақты бақылауында.

Comments are closed.