- Advertisement -

Өркениетті елдің жаңаша дамуының бастау бұлағы

209

- Advertisement -

    Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы барша қазақстандықтардың көңіліне қонғаны анық десем, ешкім таласа қоймас. Шынында да еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бергі аралықта мәдениет, руханият салаларына аз көңіл бөлінбегені баршаға мәлім. Билік аталмыш салалардың өркендеуі үшін көптеген бағдарламалар әзірлеп, нақты жұмыстарды атқарды. Талай тиянақты тірліктер тындырылды. Мамандар аталмыш салалардың өркендеуі үшін көз майларын тауыса еңбек еткеніне еш күмәніміз жоқ. Соның нәтижесінде мәдениетіміз дамып, руханиятымыз еңсесін тіктегені сөзсіз. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында жүзеге асқаны талас тудырмайды деп ойлаймыз. Әлбетте, мемлекетіміз бірінші кезекте «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген ұстанымды ұстанды. Сол арқылы халықтың әлеуетін арттыру маңызды басымдыққа айналғаны тағы рас. Әйткенмен, ол жұмыстар рухани кеңістігіміздің қарыштап дамуына кедергі бола алған жоқ.

Иә, тәуелсіздік жылдарында руханият, мәдениет, тарих саласында аз жұмыс атқарылмағанын айттық. Десе де, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты жазбасы халқымыздың санасын сілкігені талас тудырмайды. Бір-бірімен үйлесе кеткен екі мақаланың ортақ мақсаты тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге түрткі болғаны сөзсіз. Сол арқылы жаңа тұрпаттағы ұлттық сананы жаңғыртуға жол ашты. Ондағы әрбір ұтымды ойлар біздің қандай жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетіндімізге бағыт-бағдар болды. Ең бастысы жас ұрпақтың бойында мемлекетшілдік қасиеттің қалыптасуына септесті. Осы тұрғыдан алғанда екі жазбаның да бізге бергені мол болды десем, қателеспеспін.

Аталған бағдарламалық мақалаларда көрсетілген бағыттарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ауданымыздағы жауапты азаматтар еш аянып қалған жоқ. Олар қолдарынан келгенше талмай тер төгіп, аянбай еңбек етті. Көрсетілген тараулар бойынша нақты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге күш салды. Сан саланың мамандары жұдырықтай жұмылудың арқасында ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін мақтанышпен айта аламыз.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларынан туындайтын міндеттерді іске асыру аясында өңірімізде бірқатар тірліктер тындырылды. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында желілік кестеге сәйкес 160 іс-шара, желілік кестеден тыс өткізілетін іс-шаралар саны 1238-ге жетеді деп болжаған едік. Қысқасы, барлығы 1398  іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланған. Іс-шараларда 47000-нан аса адам қамтылады деп көзделген болатын. Сол бағытта барынша жұмыстандық.

      Қазіргі таңда ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 264 іс-шара өтіп, 68850 адам қамтылды. Барлық өткен іс-шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының арнайы жобалары аясында қолға алынғанын атап өткен жөн. Атқарылған іс-шараларда қатысушылар барынша белсенділік танытқанын да айта кеткен ләзім.

Алдымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасы аясында атқарылған жұмыстарды айтып өткен жөн болар. Өйткені «Туған жер» жобасы Елбасының мақаласында негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрсетілгені баршаға аян. Жоба бойынша 80 іс-шара өткізіліп, 32150 адам қамтылды.  Меценаттар мен демеушілер есебінен 15 миллион 200 мың теңге қаражатқа 2 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 1 миллион 200 мың теңге қаржыға Сұрат ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткіштің маңынан аллея салынды. Бұл жұмысты мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жұдырықтай жұмылып, іске асырғанын мақтанышпен айта кеткен жөн шығар. Ал екіншісі Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тұрлыбай батыр ауылында ауыл тұрғыны, кәсіпкердің демеушілігімен 14 миллион теңге қаражатқа ауыл халқына арналып мешіт бой көтерді. Бұл имандылық үйінің салынуы жергілікті жұртшылықты қуанышқа бөледі.

Бағдарламалық мақаладағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының да біз үшін маңызы зор деп білеміз. Аталмыш жоба бойынша ауданымызда екі іс-шара ұйымдастырылып, 400 адам қамтылды.

«Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы бойынша 8 іс-шара қолға алынса, оған 1400 адам белсенді түрде қатысты. Қатысушылардың барлығы жобаның мақсатын, міндетін толыққанда көкейлеріне түйді.

Ауданымызда «Жаһанадағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша бір іс-шара ұйымдастырылып, оған 700 адам тартылды. Оларға жобаның мәні мен мазмұны жан-жақты баян етілді.

    Жалпы алғанда соңғы жылдары қазақ әліпбиін латыннегізді әліпбиге ауыстыру мәселесі ең өзекті тақырыпқа айналғаны баршаға белгілі. Латыннегізді әліпбидің артықшылықтарын ғалымдар да жан-жақты зерделеп, зерттеп, елдің санасына мықтап жеткізген болатын. Оның кириллицадан анағұрлым артық екенін осылайша халық та түйсініп, сезінген-ді. Сондықтан да бұл мәселе біздің назарымыздан тыс қалмақ емес. Осы орайда «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі» арнайы жобасы шеңберінде ауданымызда үш іс-шара өткізіліп, оған жобамен 1400 адам тартылған болатын. Іс-шараға қатысушылар жаңа әліпбидің басымдылықтарын жан-жақты түсінді деген ойдамыз.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының да ел дамуында айрықша рөлге ие екендігі талас тудырмаса керек-ті. Аталмыш жоба аясында ауданымызда төрт іс-шара өткізіліп, 1400 адам қамтылды.

«Ауыл-ел бесігі» бағытын ешқашан жадымыздан шығармайтынымыз белгілі. Осы бағыт бойынша төрт іс-шараны өткізіп, оған 1000 адамды тартқанымыз сөзімізді іспен дәлелдегеніміз деп білеміз.

Жалпы алғанда «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 1 миллиард 46 миллион 336 мың теңге қаражатқа 10 жоба жүзеге асырылған болатын. Біле білгенге бұл да нақты атқарылған үлкен жұмыс екені сөзсіз.

Бағдарламалық мақалада көрсетілген бағыттарға сәйкес «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының да ұлтымыз үшін маңызы зор екені айқын. Осы орайда аталмыш жоба бойынша 6 іс-шара қолға алынған болатын. Сол іс-шараларға 1500 адам тартылып, тиісті жұмыстар жоғары деңгейде атқарылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жоғарыда атап өткеніміздей, тарихи сананы жаңғыртуда қозғаушы күшке айналып отырғаны белгілі. Мақалада айтылған барлық тараудағы ойлар біздің ұлттық құндылықтарымыздың, тарихымыздың тым тереңнен бастау алатынын айғақтай түседі. Сонысымен санамызды сілкиді. Жігерімізді жани түседі. Қысқасы, ондағы көрсетілген басым бағыттардың барлығын іс жүзінде жүзеге асыру аса маңызды екенін сезінеміз.

«Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды

Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз.

Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек»,-деген Елбасы ойы баршамызды қанаттандыратыны, шабыттандыратыны сөзсіз деп білеміз. Шынында да бұл ұстаным біздің жұмысымыздың жандануына түрткі болатыны айтпаса да түсінікті.

Мақалада көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы қай кезде де құнды екені рас. Осы орайда аталмыш арнайы жоба бойынша 67 іс-шара өткізілгенін айта кеткен ләзім. Оған 13600 адам белсенді түрде қатысқан болатын .

Бағдарламалық мақаладағы «Түркі әлемінің генезисі» тарауы да маңыздылығымен құнды. Бұл бағыттағы арнайы жоба шеңберінде ауданымызда екі іс-шара қолға алынып, оған жалпы саны 500 адам тартылды.

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы бойынша 24 іс-шара өткізілген болатын. Аталмыш іс-шараларға жалпы саны 4700 адам белсенді түрде қатысты. Бұл іс-шараларда жобаның маңыздылығы, оның ауқымдылығы қатысушыларға жан-жақты түсіндірілгенін айта кеткеніміз дұрыс.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы бойынша ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтар болсақ, 38 іс-шара ұйымдастырылды. Сол қолға алынған іс-шараларға жалпы саны 7650 адам тартылған болатын.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаладағы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тарауы аясында да тындырылған тірліктер аз емес. Арнайы жоба бойынша біздің ауданда жеті бірдей іс-шара ұйымдастырылып, оған 2500 адам белсенділікпен қатысты.

Жалпы алғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық қолдау, тарату, насихаттау жұмыстарының маңызды екені айтпаса да түсінікті шығар.

Осы орайда межелі мерзім ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша түрлі тақырыптардағы 81 мақала мерзімді басылым беттерінде жарияланды. Оның ішінде сәуір айында 1 мақала облыстық «Знамя труда» газетінде жарық көрді. Сондай-ақ қазан айында 2 мақала республикалық «Уақыт талабы» газетінде жарияланды. Ал қалған 78 мақала аудандық «Меркі тынысы» мен «Меркі ақиқаты» газеттеріне шықты. Одан бөлек 10 ақпарат облыстық телеарналарда көрсетілген болатын. Оның ішінде 1 ақпарат «Хабар 24» телеарнасынан және 3 ақпарат облыстық «77 TV» телеарнасынан, ал 6 ақпарат облыстық «Jambyl TV» телеарнасынан көрсетілгенін атап өткеніміз дұрыс деп білеміз. Осылайша ақпараттық қолдау бағытында нақты жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша 10 айдың қорытындысында атқарылған жұмыстарымызға қоса, ағымдағы жылдың қараша айының екі аптасында тындырылған тірліктердің аз емес екенін айтып өткеніміз жөн шығар. Атап айтқанда, қараша айының әр сәрсенбісінде әзірленетін апталық есепке зер салсақ, осы мерзімде 18 іс-шара өткенін аңғара түсеміз. Бұл да үлкен жұмыстың нәтижесі екені ақиқат. Осылайша бағдарламалық мақаланың арнайы жобалары шеңберінде көптеген игілікті істер жүзеге асырылуда. Оларды атап өткеннің де еш артықтығы болмас.

Мәселен, «Туған жер», «Еңбек — елдің мұраты»,  «Үнем — қоғам қуаты», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі», «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобалары бойынша бір-бір іс-шарадан, «Қазақстанның сакралды географиясы», «Дәстүр мен ғұрып», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобалары бойынша 2 іс-шарадан өтсе, ал «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы бойынша 4 іс-шара ұйымдастырылды. Мұның барлығы да жоғарыда айтып өткеніміздей, қысқа мерзімде өткізілген болатын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық тұрғыдан қолдау, насихаттау, тарату жұмыстарының қараша айындағы 2 апталық қорытындысы бойынша 7 мақала аудандық газетке жарияланған. Оның ішінде, «Ауыл-ел бесігі», «Еңбек-елдің мұраты», «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобалары бойынша 2 мақаладан, ал «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 1 мақала жаррық көргенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 2 ақпарат облыстық «Jambyl TV» телеарнасының эфирі арқылы көрсетілді.

Жалпы алғанда ауданымыз бойынша желілік кестеден тыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында 1057 іс-шара өткізілді. Бұл жұмыстар әлі де белсенділікпен жалғасын тауып келе жатыр. Өйткені біз бұл бағытта атқарылатын игілікті істерді жыл бойы жалғастыра беруге ниеттіміз.

Мұнымен қоса, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің үйлестіруімен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 11 үй және 1 мешіт салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов, Жамбыл және Андас батыр ауылдарында үйдің кілтін тапсыру іс-шарасы салтанатты түрде өтіп, иелеріне табысталды. Қалған үйлердің құрылысын желтоқсан айына дейін толық аяқтап, жаңа үй иелеріне кілттерін тапсыру жоспарланып отыр. Осы бір жобаның ауыл халқы үшін пайдасы мол екені талас тудырмаса керек-ті. Оны жергілікті жұртшылық та ұдайы айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаевтың 2020 жылдың 22 мамырдағы №113 өкіміне байланысты «Үлгілі ауыл» жобасы бойынша облыстық байқауға ауданымыздан Кеңес және Сұрат ауылдары қатысып, бақтарын сынаған болатын. Олар өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді. Соның нәтижесінде Сұрат ауылы жүлделі үшінші орынға ие болып, қуанышымызды еселеген жайы бар. Бұл жоба бойынша жұмыстар аудан әкімі Мейірхан Азатұлының қолдауымен өзіміздің ауданда да лайықты түрде жалғасын тауып жатқанын айта кеткен дұрыс болар. Атап айтар болсақ, 10 ауылдық округтен тиісті 10 ауыл таңдалып алынып, «Үлгілі ауыл» жобасының 2 бағытына сәйкес рухани-мәдени іс-шаралар мен инфрақұрылым жұмыстары бойынша тиісті тірліктер жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 10 ауыл бойынша 2 бағытқа сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижелерінің суреттері жинақталып, фотоальбом жасалынғанын айтқымыз келеді. Бұл жұмыстар да алдағы уақытта өзінің лайықты жалғасын табатын болады. Өйткені ауылдарда үлгілі істер көптеп жүзеге асуы тиіс.

Уақытында еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты желілік кестедегі біраз іс-шаралар тоқтатылып, облыстық «Рухани Жаңғыру» жобалық офисі КММ-нің басшысы Зарина Қуатованың 2020 жылғы үшінші наурыздағы №45 хатына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасына сай, 2020 жылға арналған жаңа үлгідегі іс-шаралар жоспары құрылып, онлайн, яғни, қашықтықтан ұйымдастырылатын іс-шараларға көшкен болатынбыз. Құрылған іс-шаралар жоспары аудан әкімінің орынбасарымен бекітіліп, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі КММ-не жолданды. Жалпы алғанда бұл жұмыс та өзінің тиімділігімен ерекшеленетіні рас.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде наурыз айында «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбына қажетті қаражат жоспарланып, тиісті конкурс жарияланған еді. Аталған тақырып бойынша сәуір айында «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылып, тақырыпқа сай жоспар бойынша 14 ауылдық окугте жұмыстар басталған-ды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың келісім-шарты бойынша желтоқсан айында шығармашылық есебі қабылданады деп күтілуде.

Жалпы алғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша аудан әкімінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №389-ө өкімімен 2019 жылғы 4 сәуірдегі №242-ө өкіміне өзгерістер мен мен толықтырулар енгізіліп, жаңадан аудандық жобалық офис құрамы құрылды.

Офис кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды жабдықталғанын да айтып өткен дұрыс. Атап айтсақ, веб-камера, интернет желісі, компьютерлік және телефон байланыс құралдары, арнайы стендтермен жасақталған.

Бүгінгі таңда 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын құру бойынша ауданық офис менеджерлеріне тиісті тапсырма берілді. Берліген тапсырма бойынша барлық жоспарлар әр түрлі салаға сәйкестендірілді. Нәтижесінде ауданымыз бойынша маңызды, ауқымды, сапалы іс-шаралар жайлы негіздемелер жинақталып, іс-шаралар жоспары құрылды. 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі КММ-не жолданды.

Біз бәсекеге қабілетті мемлекетке, ұлтқа айналуымыз үшін бірінші кезекте жастардың біліміне назар аударғанымыз абзал іс болмақ. Өйткені сапалы ел, ұлт болудың бір кепілі – саналы, білімді ұрпақ. Жас ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін біздер бар күшімізді сарқа жұмсауға тиістіміз. Мұны ешқайсымыз ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек. Өйткені Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бұл мәселеге база назар аударылған.

«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды.

Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.

Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,-деген Нұрсұлтан Назарбаевтың толғамға толы ойы әрбіріміздің санамызда жаңғырып тұруы тиіс. Біле білгенге шынында да білімнің жаңа сатысына көтерілу, ізденістің ізіне түсу аса маңызды қадам болмақ. Өйткені білім – өркениетті елдің жаңаша дамуының бастау бұлағы.

«Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.

Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек»-деген Елбасының сөзінде де үлкен мән бар. Шынында да архив – тарихтың жүрегі, күретамыры. Сол себепті бұл салаға баса мән беріліп отырғаны заңдылық деп білеміз.

Түйіп айтсақ, ауданымызда атқарылған жұмыстар аз емес, алдағы уақытта бұл бағыттағы тиянақты тірліктерді жұмылған жұдырықтай жүзеге асыра беретін боламыз деген ойдамын.

   Ринат Жантаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.

                                                                                                                                                            Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support