Рейдтік іс-шаралар жүргізілді

56

         Гвардейск гарнизонының Әскери полиция қызметкерлері әскери нысанды заңсыз киіп жүрген адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Бүгінгі таңда айырым белгілері бар әскери киім нысаны еркін айналымда және қолжетімді. Дала әскери нысаны бағаның қол жетімділігіне және киюге ыңғайлы болуына байланысты азаматтық тұрғындар арасында сұранысқа ие. Әртүрлі салаларда көптеген адамдар оны ауыстыру немесе жұмыс нысаны ретінде пайдаланады. Осындай бұзушылықтарға байланысты азаматтық тұлғалардың әскери нысандағы лайықсыз мінез-құлқын қоғам әскери қызметшілер жасаған бұзушылық ретінде қабылдайтын жағдайлар жиі туындайды. Жалпы адамдарға әскери киім нысанын айырым белгілерінсіз ғана киіп жүруге болады.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нің 2019-2021 жылдарға арналған «Әскери қалашықтар мен әскери қызметшілердің жинақы тұратын жерлерінде құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы» бірлескен жоспары аясында акция өтуде.

Осыған байланысты Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе және әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері Жамбыл облысы Қордай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, санитарлық және эпидемияға қарсы стандарттарды сақтай отырып, Қордай ауданындағы әскери нысанды заңсыз киіп жүрген адамдарға әскери нысанды заңсыз киіп жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.