- Advertisement -

«Атамекен» сертификатының несие алуға тигізер септігі бар

190

- Advertisement -

Ләззат Құралбай

Ізденіс бар жерде ілгерілеу бар. Қамданған жанның қарап қалмайтыны тағы да шындық. Қазір қол қусырып қарап отырмай, өз кәсібімді ашамын, тірлік істеймін деген адамға мемлекет тарапынан көрсетілер қолдаулар мен көмектер де көп. Қайда барарын, неден бастарын білмеген адамға ақыл-кеңес беретін, жол сілтейтін кәсіпкерлік бөлімдерінде, осы салаға жауапты басқармада «Call орталықтары» іске қосылған. Тараз қаласында кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталық та жұмыс істеп тұр.

Міне, осы жолмен жүріп өтіп, нақтырақ айтсақ, алдымен мамандардың кеңесіне жүгініп, содан кейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы оқып, сертификат алып, өз кәсібін ашқандардың бірі – Жаңатоған ауылдық округінің тұрғыны Аида Жәнібекқызы. Қорасындағы 2 сиырын күтіп-бағып, оның сүтін, құртын сатып, бір отбасын асырап келе жатқан кәсіпкер енді сүт өнімдері өндіру көлемін арттырсам дейді. Сол үшін арнайы оқу курсынан өтіп, 505 мың грантқа қол жеткізіпті. Оған ең қажетті тоңазытқыш, сеператор, сауын құрылғысын сатып алған.

– Осы сертификат арқылы үйімізді кепілге қойып, 4 миллион шағын несие алдым. Қаражатқа 13 сиыр, 5 тонна жем, 1000 түк шөп алдым. Қазір сиырдың сүтінен түрлі өнімдер шығарып, саудалап жатырмын. Негізі сүт сатқанша, одан ірімшік, құрт, сары май жасап саудалаған пайдалы. Сүтті тартып қаймақ жасаймын. Содан түскен табыспен бір отбасын бағып, керек-жарағына жаратып отырмын. Мемлекет қолдауына рахмет! Бұл кәсіпкерлерге өз ісін ілгері басқызуда таптырмас көмек, — деп ағынан жарылды Аида.

Ауданда сүтті сиыр шаруашылығы жақсы дамыған. Сондықтан кәсіпкерге қолдау көрсету үшін «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы арқылы көрші Қырғыз елінен тапсырыспен құрт жасайтын құрылғылар әкелінді. Бұл құрлғылар құртты домалақтап, кескінін жасайды.  Екі кәсіпкер енді құртты қолмен жаймай, осы құрылғының көмегімен әзірлеп, өз кәсібін дамытпақшы.

 

Меркі ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support