- Advertisement -

Әскерилерге әдістемелік сабақ өткізілді

163

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында әскерлер қызметі бойынша диверсияға қарсы қауіпсіздік туралы әдістемелік сабақ өтті.

Қарулы Күштерде әскерлер қызметі мен қауіпсіздік қызметі әрдайым мықты болуға тиіс. Гарнизонда әскери бөлімдердің штаб бастықтары мен лауазымды тұлғаларға әдістемелік сабақ өткізілді. Әдістемелік сабақтың мақсаты әскери бөлімдердің аумағына, адамдар мен әскери техникалардың кіру тәртібін әскери бөлімдерде бірыңғай сәйкестікке келтіруге және диверсияға қарсы қауіпсіздікке бағытталған.

Сабақ барысында бақылау өткізу пункті арқылы кіретін адамдар мен әскери техникаларды тексеріп кіргізу тәртібі, тәжірибе жүзінде көрсетілді. Әскери бөлімге келушілердің құжаттары мен басқа да заттарын тексеру әдістері мұқият жеткізілді. Сондай-ақ, әскери бөлімнің патруль қызметінің киім үлгілері көрсетіліп, іс-әрекеттері мен міндеттері түсіндірілді.

«Бүгінгі бақылау өткізу пунктінде өткізілген сабақ әскери бөлімге келушілерді кіргізу тәртібін және оларда қандай құжаттарды тексеру бойынша бірізділікке, бірыңғайлыққа келтіру мақсатында жүргізілді. Бұл сабақтар бойынша әскери қызметшілер, әскери бөлім штаб бастықтары және де әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларының барлығы өздеріне көптеген сұрақтар бойынша жауап алды және бұл сабақ тиісті деңгейде жеке құрамға жеткізілді», – дейді штаб бастығы, 75263 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Қуаныш Серікбаев.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support