- Advertisement -

Қашықтан оқытудың ең басты факторы пәндердің электрондық контенті

59

- Advertisement -

Камила БОРАШОВА

          

            Қазіргі пандемия кезінде ғана оқу орындарындағы жатақхана мәселесі екінші орынға ығысқаны мәлім. Ал негізінен талапкерлерді жоғары оқу орнының материалдық-техникалық, инновациялық әлеуетімен қатар, студенттік уақытша баспананың болуы қызықтыратыны айқын нәрсе. Осы критерийлер бойынша сұранысқа сай келіп тұрған Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті десек артық айтқандық емес. Алдымен оқу орынының заманауи үлгіде жабдықталып, қазіргідей карантиндік шектеулер мен санитарлық талаптарға толық жауап беретін жатақханасының артықшылықтары – көпшіліктің қызығушылығын тудыратыны рас. Студенттер үйіне енсеңіз алдымен қолыңызды антисептикпен өңдеп, маска тақсаңыз ғана есік ашылады. Ары қарай да солай. Студенттің бет-әлпетін сәйкестендіретін арнайы құрылғының бақылауынан өтуіңіз керек. Осылайша білім алушылардың барлық мәліметтері базаға жинақталған.

Бүгінде ТИГУ – еліміздегі ең жас университет. Десе де іргесі қаланған небәрі он екі жылдың ішінде өзіндік орынын алыптастырып, біршама жетістікке жеткен жетекші оқу орны.  Осы жылдар аралығында өңіріміз бен еліміздің білім беру, құқық, банк, экономика мен ауыл шаруашылық салаларына еңбек нарығының сұранысына сай 19500 маман даярлады. Ал оқу, ғылым мен тәрбие беру жұмыстары университеттің 2020-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары көп салалы оқу орындары арасында үздік 20 университет қатарынан орын алуының өзі жүйелі жұмыстың нәтижесі. «Атамекен» ҰКП жүргізген рейтингіне зер салсақ, білім беру  бағдарламаларының сапалы орындалуы мен бітірушілердің жұмысқа орналасуы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Жалпы республика бойынша жоғары оқу орындары бітірушілерінің 50 пайызы жұмысқа орналасса, ол оң көрсеткіш деп есептеледі. Ал өткен жылы  аталған университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуы 79 пайызды құраған.

Сондай-ақ әлемдік пандемияға байланысты орын алған бірқатар қиындықтарға қарамастан, кешенді іс-шаралар дер кезінде жүзеге асырылып,  биылғы оқу жылын өз деңгейінде бастаған. Қашықтан оқыту технологиясын дамыту бойынша «Жол картасы»  әзірленген. Оқытуды басқарудың автоматтандырылған «Moodle» жүйесі таңдалып, «Linux» операциялық жүйесінің негізінде сервер дайындалған. Осылайша сайт хостингінде екінші деңгейлі «Dis.tigu.kz» домен құрған екен. Ал портал студенттердің толық білім алуына қажетті контенттермен қамтамасыз етілген. Сабақ кестесі бойынша онлайн сабақтар «Zoom», «Microsoft Teams» платформасында жүргізілуде.

Сонымен қатар университет жаңа оқу жылында ақпараттық-технологиялар бойынша материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтқан. 128 GB жедел жадысы бар екі қуатты заманауи сервер, деректерді сақтау жүйесі, басқарылатын коммутаторлар, web-камералар және оқу материалдарын (контенттерді) неғұрлым сапалы дайындауға және сабақтарды онлайн режимде өткізуге мүмкіндік беретін басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілген. Университеттің тағы бір мүмкіндігі видеолекцияларды дайындау және онлайн-режимде бейне-сабақтар өткізу үшін бір мезгілде тікелей эфирде сабақ жүргізіп және оны жазуға мүмкіндігі бар. Осылайша оны кейін офлайн көруге болады.

ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықов қашықтан оқыту технологиясында ең басты фактор – пәндердің электрондық контенті екенін айтады. Осыған байланысты жаңа оқу жылында 1128 контент мазмұны жаңартылыпты.

– Оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиясына түгелдей дерлік көшірілуі  негізінде оң тәжірибелер жинақталып, барлық пәндердің контенттері электронды форматқа ауыстырылды. Студенттің талапқа сәйкес шектелген (40 минут) сабақтарда мүмкіндігінше кеңірек, тереңірек сапалы білім алуына мүмкіндіктер жасадық. Студент, магистрант контенттегі электрондық сілтемелер арқылы тек университеттің кітап қорына ғана емес, көптеген отандық, шетелдік жетекші университеттердің электронды кітапханасына кіріп, өзіне қажетті оқулықтарды, ғылыми басылымдарды пайдалана алады.

Биылғы оқу жылында біз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттері, көршілес  М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен  әріптестік негізде электронды ресурстар алмасу мақсатында келісімшарт жасастық.  Цифрлы электронды кітапхана жүйесін дамыту мақсатында ресейлік IPR электронды кітапхана жүйесі, қазақстандық Ақнұр-пресс электронды цифрлы кітапханалар жүйелеріне тесттік қолжетімділікті арттырдық. Бұған жұмсалған қаржы – 5 миллион теңге, — деді Ерболат Байзақұлы.

Жалпы қашықтан оқыту технологиясы ең алдымен профессор-оқытушылар мен білім алушылардың  цифрлық сауаттылығын арттыруды қажет ететіні белгілі. Осы мақсатта 36 сағаттық арнайы тегін курсы ұйымдастырылып, сертификаттар берілген екен.  Сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмыстары, сол сияқты оқытушымен бірлесіп  өткізілетін жұмыстар онлайн форматында, зертханалық (лабораториялық) жұмыстарды виртуалды лабораториялар  негізінде ұйымдастыру,  цифрлық кафедра, деканат құру және сол арқылы цифрлы университетке айналдыруды жоспарлап отыр.

Биылғы оқу жылында  36 бакалавриат және 28 магистратура білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланатын болады.  Оның ішінде, IT-экономика, әлеуметтік саладағы мемлекеттік басқару, биология-санитарлық эпидемиология, агрономия-экология, компьютерлік инженерия, ақпараттық жүйелер және технологиялар, әлеуметтік экономика, әлеуметтік саладағы мемлекеттік басқару, компьютерлік инжинерия, биология-санитарлық эпидемиология, менеджмент, адами ресурстарды басқару бағдарламалары  реестрге енгізілген.  Ал еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие  «орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы да таяуда реестрге енгізілсе, «жалпы медицина», «балық шаруашылығы» бойынша да мамандар даярлау үшін лицензия алуға құжаттар дайындалып жатыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support