- Advertisement -

Ньютонның басына құлаған алма

3 018

- Advertisement -

Шығармашылығы

• 1687 жылы «Табиғат

философиясының

математикалық негіздері»

• 1704 жылы «Оптика»

• 1672 жылы ″Жарық пен

түстің жаңа теориялары»

• 1684 жылы ″Дененің

орбитадағы қозғалысы″

• 1707 жылы «Әмбебап

Арифметика»

• 1728 жылы «Әлем жүйесі»

 Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы.

181643 жылдың 4 ақпанында Англиядағы Линкольншир графствосындағы Ньютондар отбасында ұл бала дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман-есен өсіп-жетіле берді.

Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен қанағаттанарлық деген баға алып жүрді.

1660 жылы Кембридж университетінің Тринити – колледжіне оқуға түскенде, ол небәрі он сегіз жаста болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие болғандықтан, кез-келген адам онда оқуға түсе алмайтын. Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып, 1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик ұстазы Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689 жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс оқиды.

Бір қызығы, Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен де айналысқан. Оған себеп болғаны Грантэмдегі қоғамдық мектепте оқып жүрген кезінде дәріханашының үйінде тұрғаны болса керек. Сөйтіп, химия саласын да біраз зерттеген. Дегенмен, ол механикаға көңіл бөліп, сол саланы барынша зерттеуге тырысты. Кейінірек Галилейдің идеясын дамытып, механиканың негізгі теорияларын қалыптастырды. Ол жаңалық әлі күнге дейін мектеп бағдарламасында оқытылып келеді.

Ұлы ғалымның әлем ғылымына тигізген ықпалы зор. Нақтырақ айтсақ, алғашқы рет бүкіләлемдік тартылыс заңының негізгі қағидаттарын анықтап, теорема негізінде дәлелдеген. Кеңістікке лақтырылған дененің белгілі бір қисық сызып өтетіндігін тапқан. Мысалы, таудың ұшар басынан жерге қарай тас лақтырып жіберер болсақ, ол эллипс, гипербола немесе парабола сызып, жер бетіне түседі. Кейбір жағдайда түзу сызық немесе шеңбер бойымен түсуі мүмкін. Яғни, кез-келген денеге әсер ететін күштердің заңдылығы бар екендігін, олардың траекториясын есептеп шығуға болатындығын көрсеткен алғашқы ғалым. Кейінірек бұл заңдылық планеталарға да қатысты екендігі дәлелденіп, бүкіләлемдік тартылыс заңы пайда болды. Осы жаңалықтар кейін ғарышқа кеме ұшыру кезінде де пайдаланылды.

Исаак Ньютон галактикамыздағы планеталар мен Күннің массасы мен тығыздығын анықтады. Мысалы, күннің тығыздығы Жердікінен 4 есе аз екендігі есептелді. Осылайша, Күнге жақынырақ орналасқан планеталардың тығыздығы соғұрлым жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар, жер формасын есептеп, экватор бойы жалпақ екендігін, полюстердің сәл қысыңқы екендігін көрсетіп берді.

Ұлы ғалымның ашқан жаңалығы бүкіл ғаламның негізгі түсініктерін айқындап берді. Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы ой Ньютонның басына 1666 жылы өз ауылы Вулсторпта демалып жатқанда, ағаш басынан төбесіне алманың құлап түсуімен келді деп айтылып жүр. Сол алма ағашы жылдар бойы сақталған деседі. Ол ағаш қурап, өлген соң, сол жерге ескерткіш ретінде орындық орнатылыпты.

 

Темірлан екей.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support