Жеке автокөліктердің жағдайы тексерілді

38

Гвардейск гарнизонында әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жеке автокөлік жағдайы тексерілуде.

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің өкілдері майор Еркін Игисинов пен сержант Әбдікәрім Дәуренов автокөлік иелеріне нұсқаулар жүргізді.

Іс-шараның мақсаты, көліктің техникалық ақаусызыдығы мен оның қыс мезгіліне жарамдылық жағдайын анықтауға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған.

«Осындай іс-шаралардың жүргізіліп тұрғаны дұрыс.  Осындай іс-шарадан кейін үлкен жауапкершілікті сезінеміз», — дейді майор Болысбек Абикбаев.

Алдын алу іс-шарасында автокөліктердің техникалық жағдайлары, жарық көздерінің жұмыс істеуі, талапқа сай тиісті заттары мен қысқы дөңгелектерінің ауысқандығы және де медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы бойынша тексерілді. Сонымен қатар жеке автокөлік иелерінің құжаттарының талапқа сай екендігі анықталды.

Тексеріс соңында гарнизон бастығы полковник Талғат Уразалиев жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша талаптар қойып, оларға нұсқаулар жүргізді.

 

Comments are closed.