Ресейде «Спутник V» вакцинасын салдырған 3 дәрігерден коронавирус анықталды

15

Алтай өлкесінде «Спутник V» вакцинасы алғашқылардың бірі болып салдырған үш дәрігерден короновирус анықталды. Бұл туралы  ТАСС агенттігі хабарлады.

«Алтай өлкесінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе («Спутник V « вакцинасы) салдырған 42 дәрігердің үшеуі коронавирус жұқтырған. Вакцинациялаудан өткен, ауруға шалдыққан дәрігерлердің иммунитеті COVID-19 қоздырғышымен кездесу кезінде қалыптасып үлгермеген болуы мүмкін. Тек бұл дәрігерлердің ауру жұқтыруының себебі болуы ықтимал», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Басқарма хабарлағандай, екпені әзірлеушілердің мәліметі бойынша, вакцина екі компонентті: адам бірінші екпені салдырғаннан кейін үш апта өткен соң екіншісін алады. Адам екінші вакцинациядан кейін үш апта өткен соң ғана вакцинацияланған және сәйкесінше коронавирус инфекциясынан қорғалған деп саналады. Өйткені осы уақыт ішінде иммунитетті қалыптастыру процесі жүреді.

Өңірдің бас инфекционисті мәлімдегендей, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 мыңға жуық доза көлеміндегі екінші партиясы Алтай өлкесіне 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеткізіледі.

Жедел штабтың мәліметі бойынша өткен тәулікте Алтай өлкесінде вирусқа шалдығудың 234 жаңа жағдайы тіркелген. Пандемия басталғалы өңірде жалпы саны 21 499 адам коронавирус жұқтырған.

Comments are closed.