МАРСҚА 711 миллион ШАҚЫРЫМ САПАР
МАРСҚА 711 миллион ШАҚЫРЫМ САПАР
Өткен жексенбі күні кешкілік америкалық MAVEN ғарыштық стансасы Марс орбитасына шықты.
Ғарыштық аппарат енді жыл бойы ауа райының құбылуларына байланысты Марс атмосферасында болатын өзгерістерді зерттей бастайды. Соның арқасында Қызыл планетадағы атмосфераның жоғарғы қабаты зерттеліп, Марстағы «ауа райының» өзгерістері анықталмақ.
Ғарыш кемесінің Марс орбитасына шығу «саяхаты» он айға созылды. Ол осы уақыт ішінде 711 миллион шақырымды көктей өтті.
Бүгінде Марста 2 америкалық, 1 еуропалық ғарыштық станса жұмыс істеуде. Алдағы сәрсенбіде оған Үнді елінің сатансасы келіп жетеді деп күтілуде.