АҚШ Covid-19-ға қарсы вакцинаны өз халқына тегін таратады

30

АҚШ билігі Covid-19-ға қарсы вакцинаны барлық азаматтар үшін тегін таратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды.
Америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары бірлесіп әзірлеген болашақ вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақтар 90%-дан асып түскен.

АҚШ бұл вакцинаны тіркетуге осы қараша айында-ақ өтініш бермек.

«Вакцина Американың барлық тұрғындары үшін тегін болады. Көптеген елдер өз халқына тегін тарататын шығар, деп ойлаймын», — деді Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла «The Hill» басылымына.

Қазақстанда тегін вакцинаға тек 2,8 млн адам ғана үміттене алады, қалған халыққа ақшасын дайындай беру керек. Қазақстанда «вакцинаның бағасы 5 мың теңгеден аспайды» деген жоспар құрылып қойған.

Comments are closed.