- Advertisement -

Жындар жайлы не білеміз?

590

- Advertisement -

Басыңызға қандай да бір қиындық іс түскенде алдымен дұға қылып, сонымен оны шешудің амалын қарастырасыз. Біз алладан басқа ешкімнің бізге жәрдем бере алмайтынын айтып өткіміз келеді. Ендеше, ғылым емдеп жаза алмайтын, тіпті, байыбына бармайтын бойға жын кіргенде не істеу керек? Бойға жын кіргенде бірден бақсыға барудың, одан жәрдем тілеу дұрыс емес. Сөзіміз түсінкті болу үшін жын сөзіне тоқтала кетсек.

«Жын» адамзаттан бұрын жаралған мақұлық. Алла оны оттың жалынынан жаратты. Әрі оған мынадай артықшылықтар сыйлады. Яғни, жынның адамзаттан артықшылғы – өте шапшаң, қас пен көздің арсында бір елді мекеннен екінші бір елді мекенге орын ауыстыра алады. Өте ұзақ жасайды. Осы артықшылықтарына сүйеніп, кәпір жындар (мұсылманы да бар) адамдардың ішіне кіріп алып, ойына келгенін істейді. Біздің бұрынғы хақ дінді қабылдамай тұрғандағы ата-бабаларымыз жын қонды дегенді бейне құт қонғандай көретін болған. Онда жын қонған адам киелі, аузы дуалы адам деген түсінік болған. Тіпті, жынды менің Құдайым немесе мені басқарушы ием деп қараған. Жын сөзін құт сөзімен қарайлас ұғушылар да болған көрінеді. Мысалға мына сөзге қарасақ «құт+ұру» қосып оқысақ құтыру болады. Бойға жын кіргенде де адам құтырады емес пе? Яғни, жын соғып кеткен адамды құтырды деп қараған немесе сол белгісіз қасиеттің киесі ұрды деп түсінген.

Иә, мұның бәрі хақ дінімізден хабар жоқ кездегі нанымдар. Ислам дінін қабылдағаннан кейін халқымыздың өмірге, жындарға қатысты көзқарасы өзгере бастады.

Жын өзіміз секілді жаратылғандардың қатарында болғандықтан, оның да адам секілді шыншылы, өтірікшісі, асқан жауызы, қуы… болатын көрінеді. Соның ішіндегі тентегі адам ішіне кіріп алған жағдайда оның басына шығып, миды айналдырады, сосын адам талады немесе өзгеше әрекеттер жасайды. Осындай жағдай бола қалғанда қайту керек?! Әуелі, жынның қыр-сырын білетін молдаға апарып Алланың сөзімен емдету керек. Үздіксіз Алла сөзін оқып, дем салғанда іштегі жын пана таба алмай еріксіз тілге келеді екен. Өзінің кім екені, қанша жаста екені, қашан, қай жерде, қандай жағдайда, не себеппен кіргенін айтып беретін болады. Алланың сөзін оқып, дем салғанда оның барлығы жынға от, жалын болып жетеді де жын кәлимә айтып, іштен шығады екен.

Ал, кейбір адамды талдырмай тек тынышсыздандырып, ашушаң етіп қоятын жындар да кезігеді. Онда адам талмайды тек мінезі өзгереді, денесінен белгісіз көгеру байқалады. Яғни, денеңізді бір нәрсеге ұрып алған секілді көгереді. Сосын үнемі бас ауырады, ұмытшақтық, бұйығу пайда болады. Елдермен көп араласуды қаламай, тек оңаша қалуды аңсау, жарықтан гөрі қараңғыны ұнатып тұру және түсінде белгісіз, өңінде танымайтын адамдарды көп көру, олармен жаман байланыста болып жүру, Құранды тыңдаудан қорқу, дененің белгісіз жыбырлауы, бойкүйездік, қараптан қарап ұйқысы келіп мыжылып жата бергісі келу, міне, осындай белгілер көрінсе, дереу жын шығарып жүрген молдаларға барып тамырыңызды ұстатсаңыз болады. Бойында жын бар адамдардың тамыр соғуы да қалыпсыз келеді екен.

Сөз соңында айтарымыз, жын өзіміз секілді жаратылғандар екенін білейік. Құранда: «жындар мен адамзатты өзіме құлшылық қылу үшін жараттым» (Зарят сүресі, 56-аят) делінген. Олардың дәрежесі бізден төмен болғандықтан, біз оны ие көруіміз тым шектен шыққандық. Әуелі ие деген сөздің мағынасын ұғайықшы. Ие сөзі қожа, басқарушы деген мағынаны береді. Біздің қожамыз, әрине, ұлы Аллатағала. Ал, одан басқа ие іздесек, адасқандардың қатарына жатамыз. Алла бізді ондайдан сақтасын.

 Алтынхан Абақ Керей.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support