- Advertisement -

Таразда сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылуда

318

- Advertisement -

Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінде тіркелген 5 сотталған азаматқа қатысты соттың үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасы тағайындалған. Сот үкіміне сәйкес, сотталушылар жергілікті атқарушы органдар анықтаған жерлерде (тәулігіне 4 сағаттан аспайтын) жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, олар қаланы абаттандыру үшін «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қоғамдық жұмыстарды атқарады.

Бұл жылы қалалық №3 пробация қызметінін тіркеуінен 535-тен астам сотталғандар өтіп,, оның 52-сі қоғамдық жұмыстарға тартылған. 43 сотталған азамат сот үкімімен белгілеген уақытта жұмыс істеп, тіркеуден шығарылған. Айта кетейік, егер сотталған жұмысқа орналасса, пробация қызметкерлері жұмыс орнына негізгі жұмысынан босатуды талап етіп, хат жібереді.

— Сот үкімі орындалмаған жағдайда, яғни сотталған адам жұмысқа кіріспесе, сот жүктеген міндеттерді елемейтін болса, пробация қызметі сотқа жазаны қамауға алмастыру үшін материал жіберетіндігін атап өткен жөн. Мәселен, биылғы жылы 4 сотталған қамауға алынды. Сотталғандар айналысатын жұмыс біліктілікті қажет етпейді. Осылайша, сотталғандар жазаларын қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Сотталғандар бұл жазаны тұрғылықты жерінде өтейді. Яғни, егер ол облыс орталығында тұрса, онда ол қай жерде қылмыс жасағанына қарамастан, сол тұрғылықты мекен-жайының маңындағы қоғамдық жұмысты атқарады, — дейді Тараз қалалық №3 пробация қызметі бөлімінің бастығы Қуаныш Қалық.

Гулназ Бахтьярова, Тараз қалалық №3 пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support