- Advertisement -

«Баспана Хит»: Енді құрылысы аяқталмаған үйден пәтер алуға болады

54

- Advertisement -

Ұлттық банк «Баспана Хит» бағдарламасына бірқатар түзетулер енгізді. Ипотеканың бастапқы жарнасы – 20%.

Қазақстанның орнықтылық қорының ресми мәліметіне сәйкес, «Баспана Хитті» іске асыру кезінде азаматтардың өтініштері, банктер, құрылыс компаниялары мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары зерделенді.

Соның негізінде Ұлттық банкі тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейтуге бағытталған түзетулерді бекітті. Қаулыда бірнеше өзгеріс бар. Атап айтқанда, ипотеканың шекті көлемі ұлғайды.

  • Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бастапқы тұрғын үйдің ең жоғары құны — 35 миллион теңге;
  • Шымкент қаласында бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны — 25 миллион теңге;
  • Қарағанды қаласында — 20 миллион теңге;
  • Басқа аймақтарда – 15 миллион теңге.

Бұдан бөлек, енді бағдарламаға қатысушалыр салынып жатқан тұрғын үйден пәтер таңдап, құрылысқа үлескерлік қатысу құқығымен ипотека рәсімдей алады.

«Баспана Хит» бағдарламасының клиенттері қазірден бастап жаңа шекті бағалармен ипотека рәсімдей алады. Салынып жатқан тұрғын үйге несие берудің басталуы туралы кейінірек хабарланады», — дейді компаниядан. 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support