- Advertisement -

NASA: Айдың күн жағында су бар

70

- Advertisement -

Су Айдағы полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар табиғи серіктің күн сәулесімен жарықтандырылған жағында да бар. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі жариялады, деп хабарлайды Euronews.

Бұл жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны қолдану арқылы зерттеу кезінде ашылды. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды.

Осылайша, Айдың меңгеру бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселені шешуді жеңілдетеді, оны тіпті отын жасау үшін де қолдану ұсынылды. Алайда, NASA Астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, Жердің табиғи серігінен қанша су табуға болатыны және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support