- Advertisement -

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: депутаттар мен сарапшылар жаңа заң жобасын талқылады

163

- Advertisement -

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды талқыланды. Онлайн режимдегі іс-шараға депутаттар, азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

«Біз заң жобасының айналасында көптеген пікірталастар мен адамдарды адастыратын жалған ақпаратты көріп жүрміз. Бұл заң жобасының басты мақсаты – зорлық-зомбылықты жою және алдын алу. Жаңа заң жобасы бірінші кезекте құқықтық сенімділік қағидатына сәйкес келуі және түрлі пікірлер тудырмауы тиіс», — деді жиынды ашқан Ұлттық комиссия төрайымы Лаззат Рамазанова.

Жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина бүгінде заң жобасымен 50-ден астам адам жұмыс істеп жатқанын, оның ішінде депутаттар, ғалымдар, заңгерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдері бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа заң жобасында зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кешенді тәсілге, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, азаматтарды қолдау мүмкіндігіне, білім беру және денсаулық сақтау органдарының уақтылы әрекет етуіне баса назар аударылады. Сонымен бірге «жыныстық еркіндік» термині туралы пікірталастар туындаған.

«Шын мәнінде, бұл қазірдің өзінде қалыптасқан термин, ол отандық заң құжаттарында, қылмыстық құқық теориясында қолданылады. Бірақ бұл термин дау тудыратынын түсініп, жұмыс тобы оны заң жобасынан алып тастады. Сондай-ақ, тұжырымдамалық аппаратқа түзетулер енгізілді, қорғау нұсқамасына қатысты нормалар пысықталды. Оның көшірмесі агрессорға тапсырылған сәттен бастап 24 сағат ішінде прокурорға жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігі агрессордың мінез-құлқын реттейтін медициналық-психологиялық көмек бағдарламасын әзірлеуде. Мұндай бағдарламаның өтуін сот белгілейді», — деді Айгүл Нұркина.

Сондай-ақ, ол ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру Қылмыстық кодекске ауыстырылмайтынын хабарлады. Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, осы жылдың 8 айында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында 132 мың құқық бұзушылық жасалған, бірақ сотқа тек бірнеше адам ғана жеткен. Соңғы үш жылда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 2,5 есе өсті. Сондықтан жаңа заң жобасын қабылдау өзекті болып табылады.

«Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова денсаулыққа жеңіл зиянды криминализациялау қажеттілігі туралы айтты. «Мысалы, әйелді пышақпен кесті, бұл іс жүзінде адамға шабуыл. Сот мұны денсаулыққа жеңіл зиян деп таныды және агрессорды 2 күнге қамады. Бұл жаза іс-әрекетке қаншалықты сәйкес келеді?! Сондықтан біз, қоғам өкілдері, осы мәселелерді көтеріп, нормаларды қатаңдату туралы ұсыныс айтатын боламыз, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға қол жеткіземіз», — деп атап өтті Дина Смаилова.

Nur Otan жанындағы Әйелдердің, отбасы және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрайымы Динара Закиева өңірлерде жүргізілген мониторинг туралы хабарлады. «Кеңестің жұмыс тобы 220 елді мекенді аралап шықты. Барлық өңірлерде отбасымен жұмыс істеудің үйлесімді кешенді тетігі жоқ. Бұл функциялар бірнеше басқармаларға бөлінген және нәтижені сұрайтын нақты орган жоқ. Сондықтан жаңа заңда ауыл, аудан және облыс деңгейіндегі жауапты орган құру көзделген. Сонымен қатар отбасын қолдау орталықтары ашылатын болады. Партия жанынан балаларға, отбасыларға және әйелдерге көмек көрсету үшін «111» жедел желісі өз жұмысын бастады. Бір жарым ай ішінде нөмірге 1000-нан астам қоңырау түсті, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де бар», — дейді Динара Закиева. Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Әзиза Шужеева жаңа заң жобасында тек алдын алу ғана емес, сонымен қатар бұрын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаты салынғанына назар аударды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова отбасылық-тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі заңнамалық нормалар бүгінде тек еуропалық елдерде ғана емес, сондай-ақ көптеген шығыс елдерінде – БАӘ, Малайзия, Сингапур және басқаларында да қолданылады деп атап өтті. Құқық қорғаушы Халида Әжіғұлова зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама 2009 жылдан бері қолданылып келе жатқанын айтты және жаңа заң жобасына қолданыстағы заңнамадан бүгінде сынға алынған көптеген нормалар енгізілді. Құжат 2020 жылдың наурызынан бастап қол жетімді және мүдделі тараптар өздерінің ұсыныстары мен алаңдаушылықтарын Парламент депутаттарына жіберуге жеткілікті уақыт болғанын атап өтті. Лаззат Рамазанова, өз кезегінде, қоғам өкілдерінің заң жобасын белсенді талқылауы барлық тараптар үшін қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Азаматтық белсенділер басынан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды әзірлеуге тартылды. Сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, ел өңірлеріндегі дағдарыс орталықтарының өкілдері қатысты. Бүгін Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы аясында талқылау жалғасуда. Барлық сындарлы ұсыныстар назарға алынады. Отбасының амандығы мен қауіпсіздігі, отбасы негіздерінің мызғымастығы – біздің қоғамның басты құндылығы», — деп түйіндеді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support