Адамның коронавирус жұқтырғанын білдіретін бес белгі

11

Ғалымдар коронавирус жұқтырғаныңызды білдіретін негізгі белгілерді атады. 

Коронавирус жұқтырғанын білмей қалған адамдар көп қазір. Оны симптомы жоқ деп те атайды. Оксфорд университетінің ғалымдары ауру белгісі жоқ коронавирусты жұқтырғанда білінетін бес негізгі белгілерді анықтады, деп жазады tsargrad.tv.

Оларға мыналар жатады: ентігу, иісті сезбей қалу, өкпенің төменгі бөлігіндегі қабыну процесін білдіретін іштің бүруі, себепсізден себепсіз іш өту және қатты шаршау.

Ауру белгісі білінбейтін коронавирус жұқтырғандар арасында көз конъюнктивиті де кездеседі. Сарапшылар ауру белгісі білінбейтін коронавирусты да қауіпті деп санайды, өйткені оның салдары кейін пайда болуы мүмкін.

Comments are closed.