- Advertisement -

Шу қаласында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

72

- Advertisement -

Жамбыл облысы ПД бастығының тапсырмасы бойынша Шу ауданының аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында екі күндік кең ауқымды тексерулер жүргізілді.

ЖПШ барысында полиция қызметкерлері 900-дей құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аудан тұрғындарының негізгі бұзушылықтары ЖҚЕ сақтамауымен байланысты, соның ішінде: жылдамдықты асыру, терезені көлегейлеу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ көлік құралын алкогольді мас күйінде басқару.

Айта кетерлігі, Шу қаласы  облыстағы ірі транзиттік қалаларының бірі болып табылады. Жалпы халық саны — 102 000 адам, тіркелген автокөлік саны — 27 000. Аталған шаралар ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасатын болады, — деді ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бақыт Ратаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support