Иран WhatsApp пен Viber-дің таралуына тыйым салмақ
Иран WhatsApp пен Viber-дің таралуына тыйым салмақ
Иранның Бас прокуратурасы елінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігінен Viber, Tango мен WhatsApp желісі қосымшаларының таралуына тосқауыл қойылуын талап етті, деп хабарлайды Газета.ru Press TV-ға сілтеме жасап.
Иран Бас прокурорының сөзіне қарағанда, бұл қосымшаларда "адам құндылықтарына, ислам қағидаттарын қорлайтын түрлі мағынадағы материалдар жиі ұшырасады".
Бас прокурор сондай-ақ, жоғарыда аты аталған қосымшаларда Иранға қарсы кейбір елдердің "жағымсыз материалдары" да ішін-ара жарияланып тұратынын айтып қалды.
Ақпарат көзі tengrinews.kz