Тараз
Тараз
Қала әкімдігінің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Әлеуметтік көмекті қажетсінетін отбасылардағы 1200 оқушыға мекемелер, кәсіпкерлер көмек беруді жалғастыруда. Қала әкімі Н. Календеров алты балалы Сүгірәлиевтер отбасындағы үш оқушыға мектеп формалары, спорттық киімдер мен кеңсе заттарын сыйға тартты. Ал білім бөлімі мен балабақшалар ұжымы «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» іс-шарасына қатысып, елу балаға көмек берді. Жалпы, 10 қыркүйекке дейін 1236 оқушыға 12 032 182 теңгенің қайырымдылық көмегі ұйымдастырылды. Акция әлі де жалғасын табуда.