- Advertisement -

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?

30

- Advertisement -

Қатаң карантиндік шараларды енгізбейміз деген үміттемін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында алдағы уақытта елімізде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойылды.

«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осындай шешім қабылдау қажет болса, тиісті қадамдар жасалатыны анық. Дегенмен, қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты тиісті қызметтердің жұмысы арқасында сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, әр азамат маска тағып, арақашықтықты сақтап, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай халықты қорғау бағытындағы шараларға атсалысады деп ойлаймыз. Бұл талаптарды орындасақ, карантинсіз әрі шектеу шараларынсыз індетті еңсереміз деген сенім бар», — деді министр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support