- Advertisement -

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдықты

43

- Advertisement -

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінде екпе салдырған адамдардың бірі белгісіз дертке шалдықты. Бұл туралы Johnson & Johnson компаниясының вакцина жасаушылары мәлімдеді деп жазады zakon.kz.

Johnson & Johnson компаниясының вакцина жасаушылары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтың белгісіз дертке шалдыққанын айтты. «Зерттеуге қатысушының белгісіз дертке шалдығуына байланысты біз COVID-19 кандидаттық вакцинасына клиникалық зерттеулер жүргізу барысында одан әрі дозалауды уақытша тоқтаттық. Біздің нұсқаулығымызбен вакцина сынамасына қатысушының дертін Деректер қауіпсіздігін тәуелсіз бақылау кеңесі (DSMB) ENSEMBLE, сондай-ақ біздің дәрігерлер мен қауіпсіздік дәрігерлері тексеріп жатыр», — деді компания. Компания жағымсыз құбылыстар — аурулар, жазатайым оқиғалар, тіпті ауыр жағдайлар — жаңа дәрі-дәрмектер мен вакциналардың кез келген клиникалық зерттеулерінің күтілетін бөлігі екенін алға тартты.

Ғалымдар кандидаттық вакцинаның қаупін зерттеп, оның кері әсерлерін жан-жақты саралайды. Зерттеуге үш құрлық, сегіз елден 60 мың ерікті қатысып жатыр. Компания вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін болса, онда алғашқы легін 2021 жылдың басында сертификаттау мүмкін болады деген үмітте.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support