Индустриялық жобаларға ерекше назар
Индустриялық жобаларға ерекше назар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевты қабылдады. Кездесу барысында К.Көкірекбаев Мемлекет басшысына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен өңірді дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында ылғал сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.