Әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына енді

49

Әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына енд

Еліміздегі іргелі білім ордасы, қара шаңырақ саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бүгінде оқытушы-профессорларының құрамы 2500 адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Жыл сайын ҚазҰУ ең үздік, білікті, білімді мамандарды даярлайды. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытумен байланысты стратегиялық жобаларында атағандай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына енді. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтерілді.

Адам өмірінің ең жарқын кезеңі – студенттік шақ, ҚазҰУ студенттерінің өмірі қызыққа толы да әсерлі. Әр студенттің жадында қалар мәңгі естеліктер деп айтса қателеспейміз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында сандық білім беру технологияларын қолданып, толықтай қашықтықтан оқу жүйесіне көшірілді. Бұл маңызды іс-шара қазір сәтті жүзеге асырылып келе жатыр.

Университет сапала білім беру мақсатында IT-инфрақұрылымын дамытып, студенттерге қашықтықтан оқуға мүмкіндік жасап отыр. Аталмыш инфрақұрылымның көмегімен студенттер «Универ 2.0», «Moodle» білім беру платформаларын қолдануда. ҚазҰУ мен «Microsoft» арасында орнаған ынтымақтастықтық қашықтықтан оқытудың жемісті нәтижесінің бірі болып табылады. Әлем бойынша танылған IT-компаниямен бірлескен жұмыстың және «Office 365» бағдарламасын енгізу негізінде студенттер мен оқытушылар білім алу үшін «Microsoft Teams» сервисін шексіз пайдалана алады. ҚазҰУ-білім алуға зор мүмкіндіктер мекені демекші, әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан, ҚазҰУ білім берудің тиімді әлі оңайлы жолдарын тауып, IT-инфрақұрылымы бойынша үлкен тәжірибені үйрете отырып, студенттерге қашықтықтан оқуға барлық мүмкіндіктер беруде. Иновациялық технологияны пайдалану арқылы білім беріп, ҚазҰУ өзінің үздік білім ордасы екендігін дәлелдеп отыр.

Жарқын болашақтың жастары – ертеңгі ел тұтқасы. Біз үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан киелі қарашаңырақ.

К. Алдашева,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті PhD докторы,

А. Бейбітбекова,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің 3 курс студенті

 

 

Comments are closed.