- Advertisement -

Бар мәселе бір жерден шешіледі

85

- Advertisement -

   Есет ДОСАЛЫ

            Еліміздің Конституциясында жазылғандай, мемлекетіміздің басты факторы – адам. Мемлекетіміздің байлығы да, құндылығы да – тұрғындар. Қарапайым азаматтардың жағдайын жасау, олардың мәселелерін жедел шешу, әуре сарсаңға салмау – тұрғындарға тікелей қызмет көрсететін барлық мемкемелердің міндеті. Жұмыстарын жауапты атқарып, елдің алғысына бөленіп жүрген мекеменің бірі – Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік коорпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі.

       Аталған бөлімнің басшысы – Шалқар Елемес.  Бұл мекемені былайғы қарапайым жұрт қазақшалап: «Қойгелді көшесіндегі «Сон» (Әділет үйі» деп атайды. Тараз №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінде 88 адам  еңбек етеді. Тұрғындарға 608 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.  Мәселен, құжаттарды қабылдаумен 24 маман айналысады. Оларға тәулігіне шамамен 350-400 адам қайырылып, түрлі құжаттарын өткізеді екен. Бұл әрине жауаптылықты қажет ететін қыруар жұмыс. Осы ауыр міндетті құжат қабылдаушы мамандар қабақ шытпай, ың –шыңсыз атқарып келеді. Оларға тұрғындар тарапынан айтылатыны алғыс ғана. Ал шетелге жүруге жарайтын төлқұжат пен жеке төлқұжат дайындау мәселесімен 3 маман айналысады. Оларға тәулігіне шамамен 150 адам құжаттарын өткізіп, мәселелерін қиналмай шешеді.  Дайын құжаттарды қайтарумен тағы 4 маман айналысады. Бұл ретте де тәулігіне 400-ге жуық адам құжаттарын алыпк етіп жатады. Осынша тұрғынға дайын құжаттарды қайтару да оңай жұмыс емес. Дегенмен мұндағы мамандар тұрғындарға қызмет етуді өздеріне абыройлы міндет санайды.

Мұнда бөлім басшысының орынбасары Еркін Жапаров бірнеше жылдан бері халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етіп, әбден ысылған маман. Кезінде Нұр-Сұлтан қаласында да еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған. Еркін Серікұлының іскерлігі, бөлімге шаруаларымен келушілермен жайлы сөйлесуі оның тәжірибесін, жан-жақтылығын байқатып тұрды. Біз барған сәтте де бірнеше адам Еркінді іздеп келіп, мәселелерін айтып, тиісті жауабын алып жатты. Биязы жас жігіт барлық адаммен ізетпен сөйлесіп, мәдениетті қызмет көрсеткеніне куә болдық. Бөлімнің бас маманы Мұрат Райымқұлов, супервайзер Бекболат Шәйділдаев өз істерінің нағыз шеберлері. Маман Шолпан Маханова, жетекші маман Жалғас Болсынов, қызметкер Мадина Нартова да өз істеріне жауапты жас мамандар екенін байқатты. Жақында Жалғас Болсын отбасылы болып, бөлімнің барлық қызметкерлері сол қуанышты бөлісіп, Жалғасқа ақ тілек тілеп жатыр екен. Себебі, олар өте тату, бір мекемеде еңбек етіп, бір шаңырақтың адамдарындай сыйласып кеткен жандар.

   Біздің  бөлімінің көтеріп отырған жауапкершілігі жеңіл емес. Оны өздеріңіз де байқадыңыздар. Мұнда мамандардың бір сәтке мойын бұруға уақыттары жоқ. Олардың ауыр жұмысын түсінеміз, еңбектерін бағалаймыз. Менің орынбасарым Еркін Серікұлы өте тәжірибелі. Белгілі ақын Серік Томановтың баласы болғандықтан, Еркіннің отбасынан алған тәрбиесі, ізеті, мәдениеті қазіргі жұмысына жақсы әсерін беріп отыр. Басқа да мамандардың жұмысы табысты. Біздің мекеме өте тату, ынтымақпен жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта да халықтан тек алғыс алуды көздеп отырмыз,  дейді Тараз №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шалқар Дарханұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support