- Advertisement -

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

39

- Advertisement -

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынды. 

– ДДСҰ деректеріне сай, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол – өлім жағдайының көпшілігі жасы 60-тан асқан адамдардың үлесіне тиеді, — деді депутат Айқын Коңыров.

2020 жылы қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім тіркелді, оның ішінде 78 637 адам (71% пайыздан астамы) 60-тан асқан адамдар. Мәжіліс депутатының сөзінше, жасы 60-тан асқан адамдар қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді.

– «Халықтық коммунистер» фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013-ші жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз, — деді Қоңыров.

Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support