- Advertisement -

Рубль құлдырады. Теңге де оның ізімен құнсыздана ма — Ұлттық банк жауабы

43

- Advertisement -

Теңгенің долларға, евроға, юаньға шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, бірақ Ресей рубліне қатысты нығая түскені байқалады. Мұның себебі неде екенін ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсіндірді.

— Жалпы, жыл басынан бері рубль долларға қатысты 26,5% әлсіреді, ал қыркүйек айында тағы 4,9% құнсызданды. Осы кезеңдерде теңге сәйкесінше 12,3% және 2,8% әлсіреді. Теңге мен рубль құнын жоғалтудағы әртүрлілік паритетке әсер етті. Егер жыл басында рубльді 6,2 теңгеге сатып алуға болатын болса, қазір бір рубльдің құны 5,5-5,6 теңгені құрайды. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екендігін ескерсек, теңгенің айырбас бағамында міндетті түрде рубльдің әсері бар екенін аңғаруға болады. Алайда, теңге тек Ресейге тән, рубльге қысым жасаушы санкциялар факторларының әсеріне ұшырамайды, сондықтан теңгенің айырбас бағамының динамикасы рубль динамикасына сәйкес бір ізбен жүрмейді, — деді Әлия Молдабекова.

Теңгенің айырбас бағамына әсер, Ұлттық банктің пікірінше, негізінен мұнайдың бағасы болып табылатын негізгі сыртқы және ішкі факторлардан тұрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support