- Advertisement -

Республика бойынша көптеген балабақшаның жабылып қалу қаупі бар

74

- Advertisement -

Жеке балабақшалар мен мемлекеттік балабақшалар педагогтары арасында әлеуметтік теңсіздікке неге жол беріліп отыр? Осы мәселені көтерген Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

«Мемлекеттің қолдауының арқасында республика бойынша 2012 жылдан бастап көптеген кәсіпкер жекеменшік балабақшалар ашуға бет бұрған болатын. Өз жұмысын бастау үшін банктерден миллиондаған теңге несие алып, ғимараттарды жалға алып, өз жұмысын бастап, балабақшаға жылдар бойы бара алмай, кезегін күтіп жүрген мыңдаған сәбидің, ата-аналардың әлеуметтік проблемаларын шешіп, балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын жоғары деңгейге көтеруге қол жеткізді. Алайда сол игі істі қолға алған кәсіпкерлер қазір Үкіметтен қолдау таба алмай, көптеген балабақшаның жабылып қалу қауіпі төніп тұр», — дейді ол Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

Фахриддин Қаратаевтың айтуынша, Білім министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері 28 280 теңге етіп белгіленген. Республика бойынша Алматы облысында 31 000 теңге, Ақтөбеде — 28 800, Қарағандыда — 29 300, Шығыс Қазақстанда — 29 150, Таразда — 29 344, Шымкент қаласында — 28 350, Ақтау қаласында 28 350 теңге төленуде.

«Ал, Түркістан облысында осы күнге дейін республика бойынша ең аз мөлшерде 20 988 теңге есебінен төленуде. Соның ішінде Мақтаарал, Жетісай, Кентау аудандарында 18 000-19 000 теңге. Ақмола облысының Целиноград, Бурабай, Зеренді аудандарында да 23 000-25 000 теңге аралығында және Павлодар қаласында 20 246 теңге төленуде. Отандық кәсіпкерлер тарапынан бұл мәселе туралы 1 жылдан бері барлық инстанцияға хат жолданғанымен, ешқандай оң шешім таппады», — деді ол.

Депутат педагогтардың айлық жалақысы биыл 25 пайызға көтерілгенін, Президенттің биылғы Жолдауында келесі жылы педагогтардың жалақысын тағы да 25 пайызға көтеруді тапсырғанын еске салды. «Сонда кәсіпкерлер Мемлекет басшысының тапсырмасын қалай орындайды? Жеке балабақшалар мен мемлекеттік балабақшалар педагогтары арасында әлеуметтік теңсіздікке неліктен жол берілуде? Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін таппаса республика бойынша көптеген балабақшалар жабылып, ата-аналардың әлеуметтік мәселесі шешілмей қалатыны анық. Сондықтан да, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы мен Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №597, 598 бұйрығына сәйкес, барлық облыстар бойынша жан басына қаржыландыру мөлшерін сәйкестендіру қажет деп есептейміз», — деді Фахриддин Қаратаев.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support