- Advertisement -

Берік Уәли Қырғыз еліндегі ахуалға қатысты Қазақстанның қандай ұстанымда екенін айтты

62

- Advertisement -

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты жазба жариялады. 

«Қырғыз Республикасында болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғыз елімен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

5 қазанда Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Сайлауда Парламентке өте алмай қалған партиялардың өкілдері наразылықтарын білдірді. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижелерінің жойылып, қайта дауыс беруді талап етті. Кешке наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Түнде Бішкекте наразылық білдірушілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына баса-көктеп кіріп, Қырғыз елінің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты босатты. Елдің бас прокуроры міндетін уақытша атқарушы тағайындалды, ол Жогорку Кенештің депутаттарын сайлау кезінде ірі көлемде фальсификацияға жол берушілердің барлығын қамауға алуға санкциялар берілгенін мәлімдеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support