- Advertisement -

Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне қатты жақындайды

39

- Advertisement -

Осы аптада Марс Жерге қатты жақындап келеді, деп хабарлайды Science Alert.

Қызыл ғаламшар бізден небәрі 62,1 миллион шақырым қашықтықта болады. Планеталар траекториясына байланысты бұлай жақындасу тек 15 жылдан кейін болады деп хабарланады. Осылайша Марсты жақыннан көруге болады.

Жер мен Марстың кездесуі Жер Күннен (афелий), Марс Күнге (перигелион) жақын болған кезде болады. Мұндай жағдай 2003 жылы болыпты, сол кезде біз Марстан 55,7 миллион шақырым қашықтықта болдық.

Дәл осы кезеңді ғарыштық ұйымдар ұтымды пайдаланады. Марс миссияларының келесі жобасы 2022 жылға жоспарланған. Алайда, олар қосымша 20 миллион шақырым жол жүруі керек, өйткені біз ол кезде 81,5 миллион шақырым қашықтықта боламыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support