Қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды
Қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды
Шу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-мақтанышым» тақырыбында тіл байқауы өтті. Байқауға қатысқан өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде ән салып, ақын-жазушылардың өлеңдерін нәшіне келтіре оқыды. Байқау қорытындысы бойынша қалалық Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы М. Инаркиева бас жүлдені қанжығасына байласа, екінші орынды Л. Исмаилова мен Ж. Османовалар иеленді. Оларға да дипломдармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.Қалған қатысушыларға да сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.
«Ақ жол – Ақпарат». Шу ауданы.