Әдебиет

Аңсар

Аңсар

Мүсіндер сұңғағына,

Міскіндер тұлыбына, Биіктік шыңдарына, Тереңдік тұнығына,

Болмыстар бойлығына, Түйсіктер ендігіне, Таршылық қойынына, Кеңістік кеңдігіне,

Тілектер күмбіріне, Тілеулер дұғасына, Нәзіктік үлбіріне, Мамықтық шұғасына,

Көздердің мойылына, Сұлулар арасына, Сұқтардың тойымына, Назарлар қарасына,

Ниеттің ақтарына, Пейілдер дәптеріне, Беймезгіл шақтарыма, Бейуақ сәттеріме, Тұстардың тың маңына, Тараптар әр шетіне, Дүние дидарына, Әлемнің әлпетіне,

Арқалы шабытыма, Арайлы таң нұрына, Жолдардың бағытына, Жолдағы тағдырыма,

Үнсіз бір ұғысуға, Ғашықтық сүйісуге, Аналық жұғысуға, Сәбидің иісіне,

Тәуліктер тасқыны мен Тарихтың қағазына Тәу еткен аспаны мен Тәуелсіз қазағыма

Хат жазғым келді бүгін, Қазақтың тілінде, Анамның тілінде, Баламның тілінде Болашақ!

Данияр Әлімқұл.