- Advertisement -

Қарашада бір үй тұр, қарайлай жүр артыңа

59

- Advertisement -

 

Мынау уақыт өзгеріп, замана жаңғырған жаңа заманның мінез-құлқына да үйрене бастаған қалпымыздың болмысынан, кешегі кемел бабаларымыздың рухани ұлағатының ұрымтал тұстарын іздей беретініміз шындық қой. Осы ретте, облыстық «Ақжол» газетінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі  бір беттік дүние туралы бір-екі ауыз лебізімізді білдірмесек болмайтындай күй кештік. Ол  — белгілі журналист-қайраткер тұлға Мейрамбек Төлепберген мен қаламы жүйрік журналисіміз Амангелді Әбілдің арасында өткен «Жұртына жанашыр,ойы озық ірілерді інілері ұмытуға бола ма?» дейтін сыр-сұхбат болатын.

Бүгінде ел аузында жүрген елеулі тақырыптардың бірі — ұлттық рухымызды жаңғыртып, ұстыны бөлек ұлағатты дәстүрлерімізді келер күндердің кемел иегерлері – жас ұрпаққа аманат ету екендігі бәрімізге аян десек, оның да сан алуан жолы мен жосығы бар екендігі өз алдына бір әңгіме… Басты мұрат – ұрпақтар жалғастығының географиялық ендігі мен бойлығын барынша кеңіте беру.

Ел игілігіне ерен үлестерін қосқан қайраткерлігі мол алдыңғы толқын ағалардың аяулы есімдері төңірегінде ой қорытып, олардың өмірден озғандарының рухтарына тағзым етіп, әлі де жер басып жүргендерінің есімдерін елеп-ескеріп, осындай реті келген жерде жылы лебізімізді білдіре жүру азаматтық, адамдық парыздың бір парасы, бүгінгі журналистиканың да әйдік тақырыптарының бірі деп ұғамыз. Осы ретте қашанда көп жақсының басында тұру дәстүрін ұстанатын «Ақ  жолдың» осы бір шетін қадамына ағалық ризашылығымды білдіруді адами парыз санадым…

Құрметті редакция алқасы! Құндылықтары құбылмалы заманымыздың аласапыран ақпараттарының тасасында қалмауға тиісті ерекше бір қадамға барып: «қарашада бір үй тұр, қарайлай жүр артыңа» деген аяулы ниеттеріңнің бейсаналықтан ада игі жалғасы адамдар игілігіне жұмсала беруіне тілектеспін!

Тәкен МОЛДАҚЫНҰЛЫ, ҚР Еңбегі сіңген артист,  ҚР Мәдениет қайраткері.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support