- Advertisement -

Әзербайжан мен Армения: қаза тапқандар мен жараланғандар саны 550-ден асты

34

- Advertisement -

Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Соңғы мәліметтер бойынша, Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден асты.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Екі тарап 22 танк пен бронды машиналардан, 15 «Оса» әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті.

Сонымен қатар, Армениядағы ауруханаларда реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда.

Кеше ҚР Сыртқы істер министрі армян-әзербайжан қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады.

Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз», — делінген мәлімдемеде.

Ал БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Таулы Қарабақтағы әскери күрестің қайта басталғанына алаңдатушылық білдіріп, оқиғаның қарапайым тұрғындарға залалы тиетінін жеткізді.

«БҰҰ бас хатшысы екі тарапты дереу әскери қақтығысты тоқтатып, сындарлы келіссөз жүргізуге шақырады», — делінген Гуттериштің атынан БҰҰ баспасөз хатшысы жариялаған мәлімдемеде.

Ол екі тарапты «ешқандай күш қолданбай дереу келіссөз жүргізу» мақсатында серіктестікке шақырды.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта армян-әзербайжан әскери күштерінің арасында қақтығыс орын алды.

Армения мен Әзербайжан ортасындағы Таулы Қарабах даулы территория саналады. Алғашқы қақтығыс 1990 жылдары болған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support