- Advertisement -

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

35

- Advertisement -

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Оны облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады.

«Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары 21 күнге карантинге жабылды. Бұл ауылдарда құс тұмауы тіркелді. Барлығы 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстардың бәрі арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Ірі құс фабрикаларындағы жағдай бойынша ресми хабар береміз», — дейді басқарма басшысы.

Жалпы, облыста жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 21 мың дана вакцина алынған. Егу жұмыстары басталып кетті.

Бізге белгілі мәлімет бойынша Арқалық құс фабрикасында да жүздеген тауық өртелген. Қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевтің айтуынша, мамандар аумақтағы өзен-көлдердің айналасын да тексеріп шыққан.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support