- Advertisement -

Жедел жәрдем көмекке әзір

64

- Advertisement -

Альмира ОМАРОВА

Коронавирус инфекциясының екінші толқыны болып қалуы ықтимал деген болжамға байланысты емдеу-алдын алу мекемелерінің  аталған індеттің екінші толқынына дайындық барысы облыстық жедел жәрдем стансасында да жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты мекеменің бас дәрігері  Венера Балқыбекованы сөзге тартқан едік.

  • Стансаға қоңырау колл-орталық арқылы қабылданады.

Қызметкерлеріміздің әрқайсысына коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға қойылатын сұрақтар тізімі жазылған чек-парақшалар таратылған.  Сол бойынша сауалдарына жауап алған диспетчер оны колл-орталықтан эвакуацияға береді. Одан әрі бригадаға бағытталады. Егер шақыртушының дене қызуы, COVID-19 белгілері болса, барған топ сол жерде бірден арнайы костюмін киіп, пациенттің хал-жағдайына қарай үйде қалатынын я ауруханаға жекізілетінін анықтайды, – дейді Венера Заттыбекқызы.

Дәрілер қорына келсек, олар уақтылы әкелінуде, ерітінділер, жеке қорғаныш құралдары да жеткілікті екен. Бұдан бөлек, аталмыш ғимаратта дәрі-дәрмектің тәуліктік және айлық қоры сақталатын қоймасы бар.

– Бір реттік костюмдер – 3200, қолғаптар – 16000 мен  бетперделер саны – 29 000. Ал көп рет қолдануға болатын бетперделер – 947, олар өңірдегі барлық бригадада бар.   Екінші толқын бола қалған жағдайда дайын отыруымыз үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына  тағы да өтініш беріп, бетперде мен қолғаптардың әрқайсысынан 100 000-нан алдыру көзделген. Көзілдіріктен 1000,  бір реттік костюмнен 60 000 данаға, яғни екі айлық қорға өтінім тастадық, – дейді бас дәрігер расымен келесі дүмпу бола қалса, барлық  жағынан дайын болу үшін емхана диспетчерлерін де шақыртуларды қабылдауға үйрету керектігін алға тартып.

Қазір облыста – 93, Тараз қаласы бойынша 41 бригада жұмыс істеуде. Бұлар тәулік сайын жұмыс жасап жатқан топтар. Егер тағы да жаңа көліктер берілсе, олардың саны арта түсері хақ. Бірақ алдыңғы толқында онсыз да 4 топқа артқан жүйе соның өзімен-ақ қиындықтарды еңсере білгенін жеткізді Венера Заттыбекқызы.

Ал жедел жәрдем көлігіне тоқталсақ, мұнда наурыздан бастап осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан фельдшерлер қызмет көрсетуде. Нақты коронавирус бойынша шақырту түссе, жүргізушісі де арнайы костюм киеді. Бірақ, ол отырған көлік бөлігі толығымен жауып тасталынады.  Бір сөзбен айтқанда, бригадалардың  бәрі стандартқа сай жабдықталған.

Оттегі концентраторы мұнда қолданылмайтындықтан, бірінші толқын кезінде стансаға демеушілікпен 8 оттегі жастығы беріліпті. Бұған қоса, өкпені жасанды желдету аппаратының 126-сы бар. Бұл 93 топтың бірді-екілінде аталған бұйым бұзылып қалса, оны алмастыра салғанға ыңғайлы. Ал адам ағзасындағы оттегі сатурациясын өлшейтін пульсоксиметр кейбір арнайы топтарда тіпті екеуден қарастырылыпты.

Осы ретте айта кеткен жөн, коронавирустың өршіп кеткен кезі – маусым айының аяғы мен шілденің ортасына дейін жедел жәрдем стансасына күдікпен және расталған КВИ белгісімен тәулігіне 170-176 шақырту түсетін. Қазір орта есеппен мұндай 7 қоңырау қабылданады екен. Дей тұрғанмен, «Сақтансаң – сақтаймын» деген, арқаны әлі де кеңге салу ерте. Сондықтан  облыстық жедел жәрдем стансасы екінші толқынға әзір отыр деуге толық негіз бар.

* * *

Аурудың  алдыңғы лебінен сабақ алған аудандық ақ халаттылар келесі кезеңде кемшіліктерге жол бермейміз деп отыр. Соның бірі – Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков.

Алтай Мұхтарұлының сөзіне сүйенсек, дәрі-дәрмектің мұнда екі айлық қоры бар. Бұған қоса, жасалған келісімшартқа сәйкес, аурухана тағы да қажетті дәрілермен қамтамасыз етіле бермек.

  • Елімізде коронавирус дерті бір қалыпқа түскендей. Кеселді

жұқтырғандардың саны азая түскені көңіл көншітеді. Әйтсе де күз келе тұмау, суық тию сынды аурулардың өршитіні тәрізді COVID-19 инфекциясы да белең ала ма деген қауіп жоқ емес. Жағдай ушықпас үшін кешенді әлі жоспарлы жұмыстарды жүргізе беретін боламыз. Мемлекет тарапынан індеттің алдын алу мақсатында қажетті шаралар қолға алынғаны тәрізді біздің ауданда да дәл осындай жұмыстар жүргізілуде, – дейді бас дәрігер.

Аудандағы жалпы эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, бұл бағытта өңірде 14 мобильдік, 1 мониторингтік топ жұмыс істеуде. 16 маусым мен 9 қыркүйек аралығында өңірде 1053 тұрғын коронавирусқа тексерілген. Оның ішінде 953 адам теріс, 78 тұлға оң нәтиже көрсетіпті.

  • Эпидемиологиялық көрсеткішпен 207 азамат үй жағдайында

оқшауланды. Жақын байланыста болған науқастар саны 420-ға жетіп отыр. Аты жаман індетпен күресуге аудан әкімі аппараты тарапынан 14 көлік бөлінген.

Бүгінде ауданда COVID-19 инфекциясын  жұқтырған сырқаттарды жатқызатын төсек-орындар мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Алда КВИ-дің екінші толқыны болып жатса, ауруханамыз оған сақадай сай тұр, – деген Алтай Мұхтарұлы көпшілікті санитарлық талаптарды қатаң ұстануға шақырды.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support