- Advertisement -

Tengri Bank лицензиясынан айырылды

33

- Advertisement -

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен «Tengri Bank» АҚ банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.

Агенттіктің хабарлауынша, лицензияны кері қайтарып алуға мына себептер негіз болды:

— пруденциалдық нормативтерді немесе басқа міндетті нормалар мен белгіленген лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзу;

— қадағалау шараларын жүйелі түрде сақтамау (күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) ;

— банктің уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамауы.

«Tengri Bank» АҚ активтері мен міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының банк секторының жалпы активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмендігіне байланысты (0,3%) банктік лицензиясынан айыру жалпы банк жүйесі үшін тәуекел етпейді, деп хабарлайды агенттік.

Белгіленгендей, банктің қаржылық жағдайының нашарлауы несие портфелінің сапасының төмендігімен байланысты. Проблемалық несиелердің негізгі бөлігі банктің қазақстандық акционерлеріне жататын адамдарға 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде берілді, олар банктің несиелік портфелінің 58% құрайды. Несиелік портфельдің 83% құрайтын үмітсіз несиелер үлесінің көп болуы қаржы институты активтерінің сапасының нашарлауына әкеліп соққан.

Агенттік атап өткендей, салымшылардың 99% жеке тұлғалардың салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорыны кепілдігімен толық көлемде қамтылған.

Банк клиенттері — жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер — өтемақы алуға құқылы.

Өтемақы ұлттық валютада төленетін болады және оның сомасы:

— теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;
— ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;
— шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.

«Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді. Салымшының шетел валютасындағы депозиттері бойынша ҚДКҚ банкті лицензиядан айыру күніндегі нарықтық бағам бойынша өтемақы төлейді. Депозиттер бойынша кепілдік берілетін өтемақы сомасынан асатын қалдықты банктің тарату комиссиясы өтейтін болады, ол таратылатын банктің кредиторлары тізілімінің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тағайындалады», делінген хабарламада.

ҚДКҚ қаражатынан өтеуге төмендегі банк клиенттерінің құқығы бар:
— жеке тұлғалар;
— дара кәсіпкерлер.
Төлемдер банк лицензиясынан айырылған күнге негізгі борыш пен банк есептеген сыйақы сомасы шегінде жүзеге асырылатын болады.
Банк салымшылары-жеке тұлғалардың 99%-ының депозиттеріне ҚДКҚ-ның кепілдігі толық көлемде беріледі.
Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік өз қызметін уәкілетті орган банктің тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жүзеге асырады. Уақытша әкімшіліктің құрамына Агенттіктің және ҚДКҚ-ның өкілдері кірді. Уақытша әкімшілік банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, активтерді анықтау, банктің активтеріне, міндеттемелеріне және құжаттарына түгендеу жүргізу үшін тағайындалды. Уақытша әкімшілік өз қызметінің кезеңінде активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде басқа банкке беру мүмкіндігін бағалайды.

Банкті күтіп-ұстауға арналған шығыс операцияларын, банкке түскен ақшаны есепке алуды, сондай-ақ ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңнамалық шектеулерге байланысты клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларына (оның ішінде ағымдағы және депозиттік шоттар бойынша кассалық және аударым операцияларына) тыйым салынды. Уақытша әкімшілік сонымен қатар бұрын берілген кредиттер бойынша қарыз алушылардың ақшаны қайтаруын бақылайды. Қарыз алушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау кезінде уақытша әкімшілік жазбаша өтініш бойынша кепіл берушіге қарыз бойынша қамтамасыз ету ретінде болатын мүлікті (ақшаны қоспағанда) қайтару мәселесін қарайды.

Тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банкпен бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.

Заңда белгіленген барлық рәсімдер жүргізілгеннен кейін, Tengri Bank-тің клиенттеріне өтемақы төлеу басқа банктерде ашылған банктік шоттарға есептеу жолымен немесе агент-банк арқылы қолма-қол ақшаны алу жолымен 2020 жылғы қазанның бірінші жартысында басталады деп күтіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support