- Advertisement -

Қоғамдық тәртіпті бұзушылар бақылауда

26

- Advertisement -

Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қ. ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзылуын анықтай отырып, пульт пен мониторларда күнделікті қызмет атқарады.

Бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, облыс орталығының қоғамдық орындарында екі азамат анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде болу, бұл он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).

Одан бөлек, Тараздың үш тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша (жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, бұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) құқық бұзушылық жасады.

Полиция департаменті тұрғындарды қаланың тазалығын және тәртіпті сақтауға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді пайдалану этикетін ұстануға шақырады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support