- Advertisement -

Мойынқұм ауданында атқа мініп жоғалып кеткен бала табылды

75

- Advertisement -

Мойынқұм ауданында 15 қыркүйекте жоғалып кеткен 7 жасар Рысбай Ерікті іздеу жұмыстары аяқталды. Бала аман-есен, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы табу бойынша ауқымды іздестіру іс-шараларын жеке өзі басқарды.

Баланы полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар Көкжиек ауылындағы қамыстан арасынан тапты, ол сол арада түнеп шыққан. Бұл — полиция мен балаға алаңдаған азаматтардың күш-жігерінің нәтижесі. Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын білдіреді, — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Күшаман ауылының 7 жасар бала кеше сағат 15:00 шамасында үйінен атпен шығып кетіп, содан із-түссіз жоғалған. Баланы іздеуге 400-ден астам адам жұмылдырылды, олардың ішінде полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және волонтерлар да бар. Сонымен қатар төтеншеліктердің тікұшағы мен жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының біріне тиесілі АН-2 ұшағы жа іздеу жұмысына қатысты.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support