Жаңалықтар

Көп құйғансың ғой

Көп құйғансың ғой

Ілгеріде «Қызыл Октябрь» ұжымшарында Бақтияр атты тракторшы жігіт болды. Әлгі азамат келгеніне жыл толмаған жаңа трактордың моторын бұзып тынған ғой. Оның техникаға салақтығын мойындатпақ болған бас инженер Есенхан Жігітбаев: – Трактордың моторына майды құя-құя түбіне жеттің! – дейді ғой жақауратып. Сонда Бақтияр: – Көке, олла-біллә, алғалы бері бір тамшы май құйсам, Құдай ұрсын! – деп қарғанып ақталыпты. Моторына уақтылы май құйылмаған трактор сорлы сонша уақыт жүріп бергеніне шүкір!

Сайлаухан Ашанов. Жамбыл ауданы.