- Advertisement -

Жұмыс орындарында аурудың таралмауына жол бермеу шаралары

44

- Advertisement -

Қазір қызмет көрсету саласының объектілері жұмыс істеп тұрғанымен, олардан карантиндік талаптардың  қатаң сақталғаны талап етілуде.

Ол үшін нысанды ашар алдында дезинфекциялау мен  күрделі жинау жүргізіледі. Яғни жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беті тазартқыш құралдармен өңделеді. Сондай-ақ арнайы киім, медициналық бетперделер,  дезинфекциялық және жуғыш заттар, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің кемінде бір апталық қоры болғаны абзал. Бөлмені желдету және ауаны баптау жүйелерімен әрбір 2 сағат сайын желдету керек. Ғимаратқа кіргенде персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілімен өлшеуге арналған аппараттарды қолданады. Оларға электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар жатады. Дене қызуы бақыланып, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар жұмысшылардың респираторлық ауру белгілері бар-жоғы тексеріледі. Егер  COVID-19 симптомдары анықталса, олар дереу оқшауланады. Жұмысшылар мен келушілер үшін қолға, телефон мен басқа да заттарды өңдеуге арналған санитайзерлер, сулықтар мен дезинфекциялау кілемшелері орнатылуы тиіс. Қолғаптарды ауысымына кемінде 2 рет, медициналық бетперделерді әрбір 2 сағат сайын ауыстырған жөн. Сондай-ақ жұмыс үй-жайларын бактерицидті шамдар мен рециркуляторлар арқылы тұрақты зарарсыздандырып тұру керек.

Жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр арақашықтық мүлтіксіз сақталуы да басты назарда. Бетпердесіз кеушілер ішке кіргізілмейді. Лажы болса, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан абзал.

Объект басшылығы мүмкіндігінше клиенттердің алдын ала жазылуын ұйымдастырады. Келуші мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет, бірақ бұл сұлулық салоны мен шаштаразға қатысты емес.

Шелектер, щеткалар мен шүберектерді пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды. Тағы бір айта кетерлігі — дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеу денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толғандарға ғана рұқсат етіледі.

Персоналды тамақ ішу белгіленген орындарда жүргізіледі. Мұндай бөлме болмаса, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін орындар қарастырылуы тиіс.

Қызметкердің арасындағы әлеуметтік қашықтық сақтала отырып, үй-жайда бір мезетте бетпердедегі екі клиенттен артық адам болмағаны дұрыс.

Ал сұлулық салондары мен шаштараздарға тоқталсақ, клиенттік залда әлеуметтік қашықтық – 4 шаршы метрге 1 адамнан және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекаралары белгілене отырып, креслолар арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталуы қажет.

Әрбір келушіден кейін жуу құралдары мен бигудилер, қысқыштар, қалпақтар мен шашқа арналған торлар  ағынды сумен өңделеді. Қырқылған шаш креслоның жанында-ақ қақпағы бар сыйымдылыққа жиналуы талап етіледі. Сонымен қатар әрбір клиенттен кейін жұмыс орны қосымша өңделгені абзал.

Бірақ облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 тамыздағы қаулысына сәйкес, демалыс күндері сұлулық салондары мен шаштараздар  қызметі тоқтатылады.

 

Кәмшат ЕРҒАРАЕВА,

облыстың ТКҚСҚБД  жұмыс орындары мен

 коммуналдық мақсаттағы объектілердегі

 инфекциялық емес ауруларды бақылау

 және қадағалау бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support