- Advertisement -

Азық-түлік бағасын негізсіз өсіру фактілеріне тергеу жүргізілді

15

- Advertisement -

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті атқарушы органдар «айналым схемасы», форвардтық сатып алу және «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» сияқты құралдарды пайдаланады. Тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна азық-түлік қалыптасқан және 21,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасалған», — деді министрі Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру міндеттемесімен «айналым схемасына» жергілікті бюджеттерден 14,2 млрд теңге бөлінді. «Бұл нарықтық механизм қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Алматы қаласы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда қомақты қаражат бөлінді. Нәтижесінде, шаһарда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі 2,2 пайызды құрады. Бұл ел бойынша ең төмен көрсеткіш болып отыр», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында «айналым схемасына» қаражат бөлінген жоқ, нәтижесінде аталған өңірлерде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі тиісінше 6,1% және 5,7%-ті құрады. «Бағаны тұрақтандырудың маңызды құралдарының бірі монополияға қарсы реттеу шаралары болып саналады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті ішкі нарықтағы сөз байласу күдікті жағдайларына тұрақты мониторинг жүргізеді. Осылайша, ағымдағы жылы азық-түлік, жеміс-көкөніс пен ет өнімдерін өндіру және сату бойынша нарық субъектілеріне 293 хабарлама жіберіліп, сондай-ақ 13 тергеу жүргізілді», — деді Сауда министрі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support