Күзде өлім-жітім көбейеді — ДДҰ

2

Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Ұйымның Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді.

«Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлім-жітім көбейеді деп болжап отырмыз»,  деді Клуге.

Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнағанын мәлімдеген болатын. Әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.

Comments are closed.