- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына жолдауын жеткізді.

48

- Advertisement -

Еліміздің ең үлкен мәселесі болған коронавирус індетімен күресіп жатқан барша құқық қорғау органдары мен ақ халатты абзал жандарға алғысын айтып,бұл індет кемінде 2 жылға дейін жалғасатынын айтты. Бұл індет экономика әлсіреуіне алып келді, онымен күресу жолдары бизнесті және агроөнеркәсіпті дамыту, және басты проблемаға айналған сыбайлас жемқорлықты тоқтату, Қазақстан тауарларын Ресей мемлекетінде алға жылжуына баса назар аударды. Сонымен қатар, Президент мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық және факторлық жүйемен бағаланып, осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді. Осылайша шенеуніктердің арасында бәсекелестік пайда болып, жастардың талпынысы арта түседі.Сондай-ақ, министрліктерде жауапты хатшы деген лауазым болмайды. Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылады. Бұл  карапайым халықпен билік арасындағы түсіністік орнауына әсер етеді деп сенемін.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұстаздар дың еңбегін бағалау мақсатында  2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға көтерілетінін айтты.

Қорытындылай келе, Президенттің Жолдауы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған. Президенттің Жолдауы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған. Қазақстан егемендігін жа­рия­лағаннан бері  экономика және басқа салаларда іргелі шараларды жүзеге асырылып. Соның арқасында елдің тұр­мысы оңалып, бақуаттылыққа қол жеткізді.

Жолдауда нақты жүзеге асыру керек негізгі мәселер мен міндеттің әр қайсысы жастарға тікелей байланысты.Сондықтан біз, жастар  өз мамандықтарымыз бойынша жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.

 

Тараз қалалық

Жастар ресурстық орталығының директоры          А. Есіркепов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support