Түркістанның келбеті ғана емес, рухани санамыз да жаңғыруы тиіс

Дархан Мыңбай:

25
-Түркістан деген ұғымның мәні өте үлкен. Ол қала, облыс деген ұғымнан жоғары. «Түркілер төрі Түркістан» еңбегі арқылы Мархабат Байғұт туған ел алдындағы парызынан абыроймен орындады деуге болады. Бұл еңбек түркі тілдеріне аударылуы тиіс. Түркістанның келбетін ғана емес, рухани сананы да жаңғыртуымыз керек».
Осындай пікірді бүгін «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай айтты. Осы шара аясында белгілі жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының тұсаукесері өтті.
Дархан Мыңбай айтқандай, осы еңбегі арқылы Махаң туған жердің, Түркістанның алдындағы рухани парызын абыроймен өтеді. Енді осы еңбекті тек облыстың шеңберінен шығарып, түркі халықтарының тілдеріне аудару қажет. Біз елімізді Түркістан арқылы танытуымыз керек.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйледі.

Comments are closed.